Тараз маңында жер сілкінісі тіркелді
10 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:59-да Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 42,50 градус солтүстік ендік пен 70,88 градус шығыс бойлық координаталарында орналасқан.
Қазіргі уақытта жер сілкінісінің салдары, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.