Таразда жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Оның дүмпуі Тараз қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 4 шілдеде Астана уақытымен сағат 04:40-та жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Сезілуі туралы мәлімет: Тараз қаласында – 2 балл», – делінген сенбі күні жарияланған хабарламада.