Live

Тарихшы Жеңіс Жомарт Моңғолия елінен кешірім сұрады

Тарихшы Жеңіс Жомарт әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Фото: скриншот

 Оның айтуынша, сұхбаттан алынған кейбір үзінділер контекстен тыс жарияланып, қоғамда түсінбеушілік туғызған.

Ол Моңғолияны тарихшылар үшін ерекше маңызы бар өңір деп атап, моңғол халқының тарихы мен мәдениетіне әрдайым құрметпен қарайтынын жеткізді.

Сонымен қатар тарихшы өз сөздері қате түсінілген жағдайда кешірім сұрап, қазақ пен моңғол халықтарын ғасырлар бойы жалғасқан тарихи байланыстар мен ортақ мұра біріктіретінін айтты.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Жеңіс Жомарт