спорт

"Tarlan" топ жарды

Қазақстандағы жекеменшік футбол мектептері мен академияларында тәлім алып жүрген балалар-жасөспірімдер командалары күш сынасты.

Фото ашық дереккөз

 Доп додасы 25-30 қазан күндері Шымкент қаласында өтті. Жарыс 2012-2017 жылы туған балалар командалары арасында өтіп, мықтылар анықталды.

Алматылық "FC TARLAN" клубының жас мүшелері 2016 жылы туған балалар арасындағы додада топ жарып, бірінші орынға ие болды. 

"Бұл – жас спортшылардың тынымсыз еңбегінің, бапкерлер құрамының кәсіби дайындығының және клубтағы жүйелі жұмыстың жемісі. Сонымен қатар, бұл нәтиже балалар футболына ерте жастан көңіл бөліп, олардың дамуына тұрақты жағдай жасаудың маңыздылығын көрсетеді" – дейді клубтың негізін қалаған кәсіпкер Қайрат Реимов.

Еске сала кетейік, "Tarlan" балалар футбол клубы 2026 жылдың ақпан айында ашылған.  Балалар толықтай демеушілік негізде жаттығады: олар форма, жаттығу алаңы және турнирлермен қамтамасыз етіледі, ай сайынғы төлем жасамайды. Сонымен қатар, балалармен тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: FC TARLAN