Telegram қайтадан жұмыс істей бастады
Telegram мессенджеріндегі ақау жойылып, сервис әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр.
Қазір қолданушылар хабарламалар, фото, видео және аудио файлдарды қайтадан қалыпты түрде жібере әрі жүктей алады.
Мессенджер мобильді қосымшада да, компьютерге арналған нұсқада да жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар Telegram-ды пайдалану үшін VPN қосудың қажеті жоқ. Мессенджерге қатысты шағымдар саны да біртіндеп азайып келеді.