Live

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды.

Фото: dknews.kz

Сайлау Самарқандта өткен FIDE Бас ассамблеясында өтті.

Турловпен бірге президенттік команда құрамында FIDE президентінің орынбасары қызметіне шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд ұсынылды.

Халықаралық шахмат федерациясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ұлттық шахмат федерацияларын біріктіреді.

Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді.

FIDE мәліметінше, Қазақстанда шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жобасы аясында 1500-ден астам мектеп пен 60 мыңға жуық бала қамтылған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тимур Турлов