Руханият

«Тобыл» Финляндия чемпионатының қола жүлдегерін жеңді

Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Финляндияның «Хонка» командасымен кездесті.

Jasalash.kz

Қостанайда өткен алғашқы ойында жергілікті команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Алаң иелері матчты белсенді бастағанымен, есепті қонақтар ашты. 39-минутта Лукас Кауфманн гол соқты.

Ал екінші таймда қостанайлықтар мүлде басқаша ойын көрсетті. Тынбай шабуылдап, жеңісті жұлып алды. 62-минутта Милян Вукадинович таразы басын теңестірсе, 75-минутта дубль жасады.

Қос команда арасындағы қарымта матч 20 шілдеде Финляндияда өтеді.

Конференция лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі. Алғашқы матч

«Тобыл» (Қостанай) - «Хонка» (Финляндия) 2:1 (0:1)

Голдар: Кауфманн 39, Вукадинович 62, 75

13 шілде. Қостанай. Орталық стадион. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега