«Тобыл» Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты
Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.Алғашқы айналымда қостанайлықтар Финляндия чемпионатының қола жүлдегері «Хонкамен» кездескен.
Қостанайда өткен алғашқы матчта «Тобыл» 2:1 есебімен жеңген. Ал Финляндияда өткен қарым ойын тең аяқталды - 0:0.
Осылайша, «Тобыл» турнирдің келесі кезеңіне шықты.
Енді Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» швейцариялық «Базельмен» кездеседі. Алғашқы матч 27 шілдеде Швейцарияда өтеді.
Конференция лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі. Қарымта матч
«Тобыл» (Қостанай) - «Хонка» (Финляндия) 0:0