Live

Тоқаев «Al-Farabi» орденін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды: кімдер марапатталады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік марапат — «Al-Farabi» орденін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Тиісті құжат өз күшіне енді.

Фото: ашық дереккөз

Жаңа орден гуманитарлық және зияткерлік салалардағы ерен еңбегі үшін марапаттау мақсатында енгізілді. Жарлыққа сәйкес, бұл мәртебелі марапатқа Қазақстан азаматтарымен қатар шетелдіктер де үміткер бола алады.

Марапат келесі бағыттар бойынша айрықша жетістікке жеткен жандарға беріледі:

  • Білім және ғылым;

  • Мәдениет және өнер;

  • Қоғамның рухани өмірі.

Жаңа орденнің сыртқы келбеті мен эскизін әзірлеумен Қазақстан Ұлттық Банкі айналысады.

Президенттің жарлығы (2026 жылғы 20 сәуірдегі № 1237) қолданысқа енгізілді. Бұл марапаттың пайда болуы елдің қазіргі идеологиясында «Екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фараби мұрасының ерекше мәртебеге ие екенін айқын көрсетеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Al-Farabi» ордені