Қоғам

Тоқаев Путиннің шақыртуымен Омбыға жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады.

Фото: из открытых источников

Ақорданың мәліметінше, Президент ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі жоспарланған.

Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер талқыланады.

Сайт Әкімшілігі