Тоқаев Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге елдің Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы украиналық әріптесін Украинаның Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, ел халқына бейбіт өмір мен тұрақтылық тіледі.
Президент өз жолдауында Украина халқына амандық, береке-бірлік және жарқын болашақ жолында табыс тіледі.