Саясат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадықовты қабылдады.

Таалатбек Масадықов Мемлекет басшысына ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы алдағы жұмыс жоспарлары туралы мәлімет берді. Кездесу барысында ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша мәселелердің кең ауқымы, соның ішінде тұрақты жұмыс істейтін органдардың ағымдағы жұмысы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымды одан әрі дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтып, Қазақстан тарапының ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Таалатбек Масадықов ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге тағайындалған болатын.

Сайт Әкімшілігі