Әлеумет

Тоқаев ауқатты қазақстандықтар үшін салық мөлшерлемесін көтеруді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ірі байлық иелеріне жоғары салық мөлшерлемесін енгізу мәселесін талқылайтын уақыт келгенін мәлімдеді.

Фото: ЖИ / Жас Алаш

Қасым-Жомарт Тоқаев салық салудағы әділдік мәселесін көтеріп, ірі байлық иелері үшін жоғары мөлшерлеме енгізу мүмкіндігін талқылауды ұсынды. Президент заңды жолмен жиналған активтерге шектеу қойылмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай әрекет Конституцияға қайшы болар еді. Басты мақсат – әр азаматтың ел дамуына әділ әрі мүмкіндігіне сай үлес қосуын қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Құрылтайға осы мәселені зерделеп, тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар Тоқаев салық жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін оны толық цифрландыру қажеттігін айтты. Президент салық түсімдерін арттыру, көлеңкелі экономиканы қысқарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында жасанды интеллектіні қоса алғанда, озық технологияларды кеңінен қолдануға шақырды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: салық