Қоғам

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілер тағайындады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко мен Кубадағы елшілерді тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлығымен Айнұр Нұрланқызы Даненова Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ал Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстанның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне кірісті.

Сонымен қатар Андриан Елемесов Қазақстанның Кубадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Сайт Әкімшілігі