Live

Тоқаев Қорғаныс министрлігінің үш жоғары лауазымды әскери басшысын қызметтен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі үш жоғары лауазымды тұлғаға қатысты кадрлық шешім қабылдады.

Фото: Ақорда

Тиісті өкімдер 3 қазанда жарияланды. 

Мемлекет басшысының өкімімен:

  • Қаныш Әбубәкіров – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы қызметінен;

  • Алмаз Жұмаеев – Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;

  • Қанат Ниязбеков – Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды. 

Айта кетейік, бұған дейін, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан болатын. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында оқу-жаттығуды ұйымдастыру, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеті зерттеліп жатыр. 

Сайт Әкімшілігі