Руханият

Трамп Иранды «жер бетінен жоямыз» деп қоқан-лоқы көрсетті

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Иран билігі өзін өлтіруге әрекет жасаса, елге жойқын соққы берілетінін мәлімдеді.

Фото: Жас Алаш коллаж

«Не болса да, бүкіл елге соққы жасалады. Мен оларға өте қатты соққы берер едім», - деді Трамп NewsNation арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, шабуылдар Иранның барлық аумағын қамтуы мүмкін.

Сонымен қатар Трамп экс-президент Джо Байденді сынға алып, оның президенттігі кезінде Иран тарапынан төнген қауіптерге жеткілікті деңгейде қатаң жауап бермегенін айтты.

Сайт Әкімшілігі