Live

Трамп ресейлік мұнайға тағы да салық саламын деп қорқытты

Дональд Трамп АҚШ Украинада атысты тоқтату келісіміне қол жеткізе алмаса, Ресейден импортталатын барлық мұнайға 25 пайыздық баж салығын енгізетінін ескертті.

Фото: Bloomberg

АҚШ президенті Дональд Трамп егер Мәскеу Украинада атысты тоқтату келісіміне қол жеткізе алмаса, Ресейдің барлық мұнайына екінші деңгейлі баж салығын енгізуге уәде берді.

«Егер біз Ресеймен Украинадағы қантөгісті тоқтату туралы мәмілеге келе алмасақ және бұл Ресейдің кінәсі деп ойлаймын, мен Ресейден келетін мұнайдың барлығына баж салығын саламын», - деді Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында. 

Сонымен бірге Трамп Украинадағы жағдайға көңілі толмаса да, Ресей президентімен «өте жақсы қарым-қатынаста» екенін айтты.

Осыған байланысты АҚШ президенті келесі аптада Путинмен телефон арқылы сөйлесетінін хабарлады. Кремль мұндай әңгіменің дайындалып жатқанын әзірге растамады және Трамптың сөздеріне қатысты пікір білдірмеді.

Сайт Әкімшілігі