Live

Трамп Си Цзиньпинмен кездесетін уақыт пен орынды жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен алдағы апталарда Оңтүстік Кореяда жүздесетінін мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Марк Карнимен өткен кездесу кезінде айтты.

– Менің төраға Симен қарым-қатынасым өте жақсы. Жақында, бірнеше аптадан кейін Оңтүстік Кореяда кездесеміз. Біз бұрыннан жақсы қарым-қатынастамыз, - деді Трамп.

 


Айта кетейік, Трамп 1 қазанда Truth Social парақшасында бұл келіссөз туралы хабарлаған болатын. Ол кездесуде Қытайдың америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу жөніндегі бұрынғы келісімін талқылауды жоспарлап отыр.

Сайт Әкімшілігі