Live

Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы болады – Тоқаев

Түркістан қаласы 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алады.

Фото ашық дереккөз

 Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, тиісті шешімді Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) қабылдаған.

"ICESCO ұйымының шешімімен қасиетті Түркістан қаласы келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы болады", – деп жазды Тоқаев.

ICESCO – ислам әлеміндегі елдер арасындағы білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық ұйым.

Ислам әлемінің мәдени астанасы бастамасы ұйымға мүше елдердің тарихи және мәдени мұрасын танытуға, қалалар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Түркістан – Қазақстанның тарихи және рухани маңызы бар қалаларының бірі. Мұнда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Түркістан