Live

Түркістан облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тауып, сегіз баласы ата-анасыз қалды.

Фото: ашық дерекккөз

Қайғылы оқиға Төле би ауданына қарасты Қаратөбе ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұмдардың ең кішкентай баласы небәрі 8 айлық болса, үлкені 15 жаста.

Қазір ауыл тұрғындары мен марқұмдардың туыстары балаларға көмектесу үшін асар ұйымдастырып жатыр. Олар балалар тұратын үйді жөндеп, тұрмысқа қолайлы жағдай жасауға кіріскен.

Белгілі болғандай, баспанада жылу жүйесі толық орнатылмаған, газ да тартылмаған. Сондықтан ауыл азаматтары мен туыстары үйді жөндеуге күш біріктірген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты