Түркиядағы атыс: 16 адам жараланып, күдікті өзіне қол жұмсады
Түркияның оңтүстік-шығысындағы лицейде болған қарулы шабуыл салдарынан 20-ға жуық адам жараланды. Бұл туралы жергілікті БАҚ пен халықаралық агенттіктер хабарлады.
Оқиға 14 сәуір күні Сиверек қаласындағы кәсіптік-техникалық лицейде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан – осы оқу орнының бұрынғы 18 жастағы оқушысы.
Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы алдымен лицейдің ауласында ұзын ұңғылы қарудан оқ жаудырып, кейін ғимарат ішіне кіріп, атысты жалғастырған. Қауіптенген кейбір оқушылар терезеден секіріп, қашуға тырысқан.
Оқиға орнына полиция келгеннен кейін күдікті өз-өзіне қол жұмсаған.
Қазіргі мәлімет бойынша, кемінде 16 адам жарақат алған, қаза тапқандар жоқ (шабуыл жасаушыдан басқа). Жараланғандардың басым бөлігі – оқушылар.
Шабуылдың нақты себептері әзірге белгісіз. Билік өкілдері тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Түркияда мұндай қарулы шабуылдар сирек кездеседі.