Live

Түркістан облысында 2 жастағы сәби суға батып кетті

Түркістан облысының Сайрам ауданында құтқарушылар 2024 жылы туған қыз баланың мәйітін тапты.

Фото: ашық дереккөз

 Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 4 сәуір күні Сайрам ауданы Машат ауылындағы Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың мәйітін анықтаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, 31 наурыз күні сәби өзенге құлап кеткен.

Құтқарушылар бірнеше күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізіп, мәйітті болжамды құлаған жерден шамамен 7 шақырым төмен тұстан тапқан.

Сайт Әкімшілігі