Live

Түркістан облысында бұрын ақталған мектептің экс-директоры жемқорлық үшін сотталды

Түркістан облысында бұған дейін жемқорлық ісі бойынша ақталған мектептің бұрынғы директоры істі қайта қарау нәтижесінде кінәлі деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: из открытых источников

«Істі алғаш қараған кезде сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденбеді деп танылып, ақталған болатын. Бас прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы негізінде ақтау үкіміның күші жойылып, іс қайтадан апелляциялық қарауға жіберілді.  Қайта қарау нәтижесінде сот К.-ны қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және пара алу бойынша кінәлі деп таныды. Оған 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұрынғы мектеп директоры 12 мұғалімге міндетті аттестаттау мен тестілеуден өткізбей-ақ заңсыз біліктілік санатын берген. Сондай-ақ ол педагогтердің бірінен пара алған.

Соның салдарынан аталған мұғалімдерге жалақыға үстеме ретінде бюджеттен 16 миллион теңгеден астам қаражат негізсіз төленген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жемқорлық