Live

Түркістан облысында толассыз жаңбырдан кейін көшелерді су басты

Түркістан облысы аумағындағы Кентау қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірқатар көшелерді су басқан.

Фото: скриншот

 Жергілікті деректерге сәйкес, кей аумақтарда жауын суының деңгейі 10-25 см-ге дейін көтерілген. Көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің жүруі уақытша қиындаған.

Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Су басқан аумақтарда суды сорғылау және тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге хабарланған жоқ.

Сайт Әкімшілігі