Live

ТЖМ аппарат басшысы тағайындалды

Марғұлан Аманбаев ведомство аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото ашық дереккөз

Марғұлан Аманбаев 1973 жылы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Дружба ауылында дүниеге келген. Жезқазған тау-кен технологиялық институтын және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолында:

- 2000–2006 жылдары – Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімінде инспектор, аға инженер, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы;

- 2005–2006 жылдары – Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы;

- 2006–2008 жылдары – Астана қаласы Сарыарқа ауданы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы;

- 2008–2012 жылдары – Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы;

- 2012–2015 жылдары – Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы;

- 2015–2016 жылдары – Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;

- 2016–2020 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары;

- 2020–2023 жылдары – Ақтөбе облысы ТЖД бастығы;

- 2023–2024 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2024 жылдың қыркүйегінен бері Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.

Сайт Әкімшілігі