Live

ҰҚК БҚО-дағы «Охотзоопром» филиалы басшысының пара алып жатқан жерінен ұсталғанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Охотзоопром» мекемесінің Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Қожахметовке қатысты тергеу жүріп жатқанын растады.

Фото: ашық дереккөз

Тергеу мәліметінше, шенеунік 11 қыркүйекте 5 млн теңге алған жерінде ұсталған. Ол кәсіпкерден өңірде киік аулауға рұқсат беру үшін ақша талап етті деген күдікке ілінген. Орал қаласының соты күдіктіні екі айға қамауға санкция берді. Қылмыстық іс қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасау бабы бойынша тергеліп жатыр.

Арман Қожахметов «Охотзоопромның» Батыс өңірлік филиалын 2020 жылдың наурыз айынан бері басқарған.

Сайт Әкімшілігі