Live

Украина Қазақстан көмірі мен мұнайы Еуропаға жөнелтілетін портқа шабуыл жасады

Украинаның дрондары Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга портына шабуыл жасады.

Фото: из открытых источников

Бұл порт арқылы шетелге, соның ішінде Қазақстаннан тасымалданатын мұнай мен көмір жеткізіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуыл кезінде Ресейдің ірі сұйытылған газ өндірушісі «Новатэк» компаниясының газ өңдеу кешені зақымданған.

Қазақстандық мұнай экспортын Усть-Луга порты арқылы жүзеге асыратын «ҚазТрансОйл» компаниясы, сондай-ақ бұл порт арқылы Қазақстан көмірі де Еуропаға жөнелтіледі.

Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, дрондар шабуылы қазақстандық шикізат экспортын тоқтатпаған.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, кеше Ленинград облысындағы Усть-Луга портына дрондар жасаған шабуыл экспорттық тасымалға әсер етпеді. Барлық жеткізілімдер қалыпты режимде жүргізілуде», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: қазақ мұнайы