Live

Украина Сочи портына шабуыл жасады

3 қыркүйек, бейсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында бірнеше жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, соққы қаладағы теңіз порты аумағына тиген.

Фото: ашық дереккөз

Мониторингтік арналардың мәліметінше, порт аумағына Украинаға тиесілі ұшқышсыз катерлер шабуыл жасаған. Exilenova+ арнасы шабуылдың нысанасы теңіздегі мұнай-газ операцияларына қызмет көрсету үшін пайдаланылатын кеме болуы мүмкін екенін жазды.

Оқиғаға дейін түнде Ресей билігі Сочи, Геленджик, Новороссийск және басқа да жағалаудағы аудандарда дрон шабуылы қаупі туралы ескерту жариялаған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Сочи мен Геленджик әуежайлары түнгі сағат 1:22-ден 5:04-ке дейін рейстерді қабылдамаған және ұшақтарды жібермеген.

Қазіргі таңда порттағы зақым мен зардап шеккендер туралы Ресей билігі ресми ақпарат таратқан жоқ. Украина тарапы да оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Сайт Әкімшілігі