Украинадағы Печенеги кентіне жасалған шабуылдан 10 адам қаза тапты
18 тамызда Харьков облысындағы Печенеги кентіне Ресей күштері зымыранмен соққы жасаған.
Харьков облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтың мәліметінше, шабуыл салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы 17 адам жараланған.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, соққы пошта бөлімшесі, дүкендер мен тұрғын үйлер орналасқан, адам көп жүретін жол торабына жасалған.
Украина прокуратурасы шабуыл таңғы сағат 08:40 шамасында «Бандероль» деп аталатын шағын екі қанатты зымыранмен жасалғанын хабарлады.
Ресей тарапы оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.