Украинадағы соғысқа Қазақстанның 3 819 азаматы тартылған
Орталық Азияның 20 мыңнан астам азаматы Ресейдегі соғысқа тартылған.
Ресей армиясындағы шетелдік жалдамалылардың 44 пайызы – Орталық Азияның бес елінің азаматтары болып шықты. Бұл туралы Украинаның "Хочу жить" мемлекеттік жобасы хабарлады.
Жоба дерегінше, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ресейдің Украинаға қарсы соғысына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның 20 437 азаматы тартылған. Елдер бойынша көрсеткіш мынадай: Өзбекстан – 8 207 адам, Тәжікстан – 5 308 адам, Қазақстан – 3 819 адам, Қырғызстан – 2 219 адам, Түркіменстан – 884 адам.
Жоба өкілдері Орталық Азияның бес елінен соғысқа тартылғандардың жалпы саны Тәжікстан армиясының жеке құрамынан да асып түсетінін атап өтті.
"Хочу жить" мәліметінше, соңғы жылдары Ресей аймақтан адам тарту ауқымын едәуір кеңейтті. 2025 жылы Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқан осы бес ел азаматтарының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда екі еседен астам өскен.