Live

Украиндарға азық-түлік пен су қорын дайындауға кеңес берілді

Киев қаласының Мемлекеттік азық-түлік және тұтынушылар қызметінің басшысы Анатолий Катеренчук Украина тұрғындарына үйлерінде 7–12 күнге жететін ауызсу мен негізгі азық-түлік қорын сақтауға кеңес берді.

Фото: Maxym Marusenko/NurPhoto/picture alliance

Оның айтуынша, мұндай ұсыныс инфрақұрылым мен логистикалық қоймаларға соққы жасалу қаупіне байланысты беріліп отыр.

Катеренчук тұрғындарға бір айға немесе одан да ұзақ уақытқа жететін азық-түлік сатып алудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның сөзінше, Украинада азық-түлік тапшылығы жоқ. Уақытша жоғалып кеткен кейбір тауарлардың орнын импорттық өнімдермен толтыруға болады.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова шетел азаматтары мен дипломаттарға Киевтен кету жөніндегі ұсынысты еске салған. Оның мәлімдеуінше, Ресей Украинадағы әскери инфрақұрылымға жүйелі түрде соққы беруді жоспарлап отыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Украина