Аяқ киім дауы: ҰОК Тоқсанбаеваның алтын медалін қайтару жолдарын қарастырып жатыр
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті жеңіл атлетші Тоқсанбаеваның спорттық жүрістен алған алтын медалін қайтару үшін апелляцияға беру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
ҰОК мәліметінше, қазіргі уақытта ұйым World Athletics, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы және Азия Олимпиада кеңесімен байланыс орнатқан. Комитет қабылданған шешімді қайта қаратуға ниетті.
Еске салайық, 27 қыркүйекте 21 жастағы қазақстандық спортшы 42,195 шақырымдық спорттық жүріс марафонында мәреге бірінші болып жеткен еді. Ол қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, ең жақын қарсыласынан төрт минутқа жуық озып шықты.
Алайда жарыстан кейін төрешілер жүлдегерлердің аяқ киімін тексерген. Тексеру барысында Токсанбаева киген кроссовки үлгісі рұқсат етілген спорттық жабдықтар тізіміне кірмейтіні анықталған.
Осыған байланысты спортшының нәтижесіне қатысты шешім шығарылып, Қазақстан ҰОК оны қайта қарату жолдарын қарастырып жатыр.