Live

ҰҚК Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдік азаматты іздестіріп жатыр

ҰҚК Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдік азаматты іздестіріп жатыр

Фото: ҰҚК

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы шетелдік азамат Уильямс Коулға (Williams Cole) іздеу жариялады. Ресми мәлімет бойынша, ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен.

Іздестіру туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

Іздестіру қағазындағы мәліметке сәйкес, Уильямс Коул 1981 жылғы 13 наурызда туған. Оны іздеу туралы іс 2026 жылғы 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген. Іздестіруді ҰҚК бастамасымен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

Алайда шетелдік азаматтың Қазақстанға қай елден келгені және мұнда қандай мақсатпен жүргені әзірге белгісіз.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ҰҚК