ҰҚШҰ Арменияны дауыс беру құқығынан айыруы мүмкін
Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) екі жылдан астам уақыт бойы міндетті жарналарын төлемеген.
Осыған байланысты Ресей Ереванға қатысты ұйым жарғысының 25-бабын қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Бұл бапқа сәйкес, қарызы бар мемлекеттің азаматтарын ҰҚШҰ аясындағы квоталық лауазымдарға ұсыну құқығы тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ берешек толық өтелгенге дейін ел ұйым органдарында дауыс беру құқығынан айырылады.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл мәселеге қатысты елдің ҰҚШҰ-мен байланысты мүдделері таусылғанын мәлімдеді.
"Біржола мәлімдегім келеді... ҰҚШҰ-ға қатысты ортақ мүдделеріміз қалмады. Енді бұл ұйыммен байланысты ешқандай мүддеміз жоқ", – деді ол.