Live

Үш күн толассыз жауған жаңбырдан кейін Бангкокта төтенше жағдай режимі жарияланды

Таиланд астанасында үш күн ішінде 300 миллиметрге жуық жауын-шашын түсті. Арналар суға толып, жолдарды су басты, кей жерлерде су тұрғын үйлерге кірген.

Фото ашық дереккөз

Ел үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай режимі Бангкоктың барлық 50 ауданына енгізілді.

Бейсенбіден бері қалада 300 миллиметрге жуық жауын-шашын түскен. Бангкок губернаторы Чадчарт Ситтипунттың айтуынша, қаланың шығыс бөлігі қатты зардап шеккен.

"Біз суды сорып шығаруға тырысып жатырмыз, бірақ арналар толып кетті", – деді губернатор AFP агенттігіне.

Кейбір аудандарда су арна маңындағы үйлер мен нысандарға кірген. Он-Нут ауданында тұрғындар тізеге дейін жеткен суды кешіп өтіп, баспаналарын қорғау үшін құм салынған қаптар дайындаған.

Қала билігі аудандық қызметтерге мектептерде уақытша паналау орындарын әзірлеуді, қозғалысы шектеулі тұрғындарға көмектесуді және су басқан көшелердегі қозғалысты реттеуді тапсырды.

Мүлкіне зиян келген тұрғындарға кейін көмек алу үшін шығынды растайтын фотосуреттерді сақтап қою ұсынылды.

Сайт Әкімшілігі