спорт

 Валентина Хальзова Азия чемпионатын қола медальмен аяқтады

Қазақстандық Валентина Хальзова Ұлан-Баторда өткен бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Фото: Olympic.kz

«Шешуші үш минуттық раундта төрешілер жеңісті Цзыиге берді, нәтижесінде ол төрешілердің айрықша шешімімен басым түсті (қазақстандық боксшыдан ереже бұзғаны үшін ұпай шегерілді). Хальзова Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады», - делінген хабарламада.

 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Хальзова Қытай өкілі Бао Цзыимен кездескен. Қазақстандық спортшы бірінші раундта 4:1 есебімен жеңіске жетіп, екінші кезеңді де өз пайдасына аяқтаған болатын.

Айта кетейік, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сейдіш финалға шықты.

Сайт Әкімшілігі