Вашингтонда Трамп қатысқан қабылдау кезінде атыс болды, күдікті ұсталды
Дональд Трамп қатысқан ресми қабылдау барысында Вашингтон қаласында атыс оқиғасы тіркелді. Бір адам ұсталды.
Бұл туралы АҚШ Құпия қызметінің коммуникациялар жөніндегі директоры Энтони Гульельми X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, оқиға Ақ үй жанындағы корреспонденттер қауымдастығы ұйымдастырған кешкі ас кезінде, металл детекторлары орналасқан негізгі тексеру аймағына жақын жерде болған.
АҚШ Құпия қызметі мен Колумбия округінің полициясы бірлесіп тергеу жүргізіп жатыр.
Ресми мәліметке сәйкес, президент, бірінші ханым және қорғаудағы барлық тұлғалар қауіпсіз.
Қазіргі таңда бір күдікті ұсталған. Зардап шеккендер туралы нақты ақпарат әлі жарияланған жоқ, оқиғаның мән-жайы анықталуда.