спорт

Виктроия Бутолина мен Евгения Чернышева батуттағы гимнастикадан әлем кубогының финалына шықты

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Арозада (Швейцария) өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Фото: ҰОК

Әйелдер арасында синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева ақтық сынға жолдама алды.

Сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов жекелей сайыстың алғашқы іріктеуінде сәтті өнер көрсетіп, екінші кезеңге өтті.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы финал ертең, 28 маусымда өтеді.

Сайт Әкімшілігі