Live

Владимир Путин Қытайға Си Цзиньпинмен кездесуге барады

Ресей президенті Владимир Путин Қытайға ресми сапармен барады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, сапар 19-20 мамырға жоспарланған.

Ресей Президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қытай басшысы Си Цзиньпин (оң жақта) Пекин. 4 ақпан. Фото: Getty Images

Ресми сапар Ресей мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Бейжіңде Ресей басшысы мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасында ауқымды келіссөздер өтеді.

Кремльдің мәліметінше, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін, серіктестік пен стратегиялық ықпалдастықты тереңдету жолдарын талқылайды. Сонымен қатар халықаралық және аймақтық негізгі мәселелер бойынша пікір алмасады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Владимир Путин Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен де кездеседі.

Кездесу барысында Мәскеу мен Бейжің арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі егжей-тегжейлі талқыланбақ.

Сайт Әкімшілігі