"Яндекс" пайдаланушылардың қаражатына қатысты мәлімдеме жасады
"Яндекс" пайдаланушылардың шоттары мен ақша аударымдарына қолжетімділік қашан толық қалпына келетінін әзірге айта алмайды.
Бұл туралы компанияның финтех бағытының жетекшісі Дмитрий Пирогов шұғыл мәлімдемесінде хабарлады.
Оның айтуынша, пайдаланушылардың ақшасына қауіп төніп тұрған жоқ. Қаражаттың өзі деректеп-орталығында сақталмайды. Ондағы серверлер сервистердің жұмысын қамтамасыз етеді. Әр шот туралы мәлімет бірнеше жерде көшірмеленіп сақталады.
Компания барлық жазбаның бүтіндігін тексерген. Нәтижесінде бірде-бір дерек жоғалмағаны айтылды.
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі де ел азаматтарының жеке деректері сақталатын серверлер Қазақстан аумағында орналасқанын және қалыпты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта инженерлер қызметтерді қалпына келтіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Алайда "Яндекс" сервистердің толық іске қосылатын нақты уақытын әзірге жариялаған жоқ.