спорт

Зайнутдинов ауыр жарақат алды. Оның Сан-Марино және Словения құрамаларына қарсы шешуші матчқа қатысуы белгісіз

«Бешикташ» қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдиновтың Түркия чемпионатында «Ыстанбұл Башакшехирге» қарсы ойында (1:0) жарақат алған соң денсаулық жағдайы туралы мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясы Зайнутдиновтың жарақаты және оның ұлттық құрама матчтарына қатысуы туралы мәлімдеме жасады.

"Матчтың 37-минутында беті мен мұрнынан соққы алып, ойынды жалғастыра алмаған футболшымыз Бақтиер Зайнутдиновтың мұрын сүйегі мен көз аңғалағының сынуы анықталды. Зайнутдиновтың мұрнына ота жасалып, таңғыш қалақ салынды", - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Бактиер Зайнутдиновтың алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз. Ол Қазақстан құрамасына 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің Сан-Марино және Словения құрамаларына қарсы шешуші матчтарында ойнамайтын сияқты.

Айта кетейік, Түркиялық "Бешиктастың" қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Түркия чемпионатында "Ыстамбұлға" қарсы ойында ауыр жарақат алды.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын қарсылас команданың ойыншысы Джером Опоку шынтақпен бетінен қағып жіберген. Футболшы ауруханаға жатқызылды.

Т. РАУШАНҰЛЫ