Іздеу жарияланған әскери қызметші Шығыс Қазақстанда ұсталды
Өскемендегі әскери бөлімнен өз еркімен кетіп, іздеу жарияланған мерзімді әскери қызметші ұсталды.
Ол қаладан шамамен 20 шақырым жерден табылған.
Әскери полицияның мәліметінше, сарбаздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ұсталғаннан кейін ол әскери полиция бөліміне жеткізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлімнен өз еркімен кетуіне үйін сағынуы себеп болған.
Тексеру барысында әскери қызметші командирлері немесе бірге қызмет ететін сарбаздар тарапынан жарғыға қайшы әрекеттер болмағанын айтқан.
2004 жылы туған мерзімді әскери қызметші бөлімнен әскери киіммен шыққан. Оның жанында қару болмаған.
Аталған оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.