Live

Жанабыловтардан тәркіленген iPhone телефондар Астанадағы аукционға шығарылды

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде танылған смартфондар мемлекеттік мүлік порталы E-Qazyna арқылы сатылымға шығарылды.

Фото: скриншот

Электронды сауда алаңында жалпы 17 дана iPhone 16 смартфоны аукционға қойылған. Мүлікті сатушы ретінде Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көрсетілген.

Смартфондардың бағасы қанша?

Аукцион шарттарына сәйкес:

  • бір лоттың бастапқы бағасы – 484 990 теңге;

  • қатысу үшін кепілдік жарна – 72 749 теңге.

Сауда-саттық 2026 жылғы 8 шілдеде сағат 10:00-де электронды форматта өткізіледі. Аукцион бағаны көтеру тәсілімен ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бұл блогерлерден тәркіленген мүліктің алғашқы партиясы емес. Бұған дейін Эльмира Төлегенова құрылтайшы болған «ZHANA BUSINESS» ЖШС-нің атына тіркелген сегіз Hyundai Elantra автокөлігі де аукционға шығарылған болатын.

Жанабыловтар не үшін сотталды?

Еске салсақ, 2026 жылғы 27 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты ерлі-зайыпты блогерлерге қатысты үкім шығарған.

Сот шешімімен Ерболат Жанабылов екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, оның мүлкі тәркіленді. Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы елден кетпеу туралы қолхатқа ауыстырылды.

Ал Эльмира Төлегенова екі жылға ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жаза өтеуге сотталғанымен, сот үкімінің орындалуы екі жылға кейінге шегерілді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Жанабыловтар