спорт

Жәнібек Әлімханұлы Канелоға тағы да үндеу жолдады

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізуді қалайтынан айтты.

Фото: Olympic.kz

Бұған дейін де Әлімханұлы Канелоға қарсы кездесу өткізу ойы бар екенін бірнеше рет айтқан болатын. Тіпті, "Канелоны бір раундта үш рет нокдаунға түсіремін" деп те мәлімдеген.

Бүгін ол Х әлеуметтік желісінде тағы да мексикалық боксшыға үндеу жолдады.

Менің Канеломен жекпе-жекке шыққым келетінін бәрі біледі, бірақ ол менімен жекпе-жекке шықпайды және мұны бәрі біледі – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Сайт Әкімшілігі