Live

Жаңаөзенде мұнай компанияларының басшылары ұсталғаны хабарланды

Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңаөзенде ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері қатысқан ұстау шаралары өткен.

Фото ашық дереккөз

 Тараған ақпаратта ұсталғандар қатарында "Jana Oil Service" ЖШС-ның (бұрынғы "Кезби") және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басшылары бар екені айтылған.

Хабарламада мердігер ұйым өкілдері мен қылмыстық топ арасында сөз байласу болуы мүмкін екені жазылған. Болжам бойынша, кәсіпорын жұмысшыларын ереуілдер мен жаппай наразылықтарға арандату арқылы тапсырыс беруші "Өзенмұнайгаз" АҚ-дан қосымша қаржы алуға әрекет жасалған.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмады. Ұстау шараларының себептері мен аталған адамдардың іс жүргізу мәртебесі туралы уәкілетті органдар мәлімет бермеген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Жаңаөзен