Live

Жапаров Атамбаев әкімшілігінің бұрынғы басшысын рақымшылықпен босатты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы Фарид Ниязов туралы рақымшылық жасау жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Фарид Ниязов 2011-2017 жылдары Қырғызстанды Алмазбек Атамбаев басқарған кезеңде президент аппаратының жетекшісі қызметін атқарған.

2021 жылдың қыркүйегінде Фарид Ниязовқа, Алмазбек Атамбаевқа, бұрынғы президент күзетінің қызметкері Қанат Сағымбаев пен Ішкі істер министрі орынбасарының бұрынғы қызметкері Курсан Асановқа билікті күшпен басып алуға әрекет жасау және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру айыптары тағылған болатын.

Сот шешімімен Ниязов 7 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

2020 жылғы саяси дағдарыс

2020 жылдың қазан айында Бішкекте парламент сайлауының нәтижелеріне наразы азаматтардың жаппай наразылық акциялары өтті.

6 қазанда митингке шыққандардың талабымен сол кезде тергеу изоляторында отырған Алмазбек Атамбаев босатылған еді. Алайда кейіннен ол қайтадан қамауға алынды.

2020 жылы Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ үш жылдан кейін бұл үкімнің күші жойылып, экс-президент Испанияға кеткен.

Алайда 2025 жылы оған қатысты коррупция және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру ісі бойынша тағы бір сот үкімі шығып, ол 11,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сайт Әкімшілігі