Live

Жапониядағы жойқын жер сілкінісінен 50-ден астам адам зардап шекті

Жапонияның Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі болды.

Фото: Reuters

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 50-ден астам адам түрлі жарақат алып, шамамен 40 мың үй электр жарығынсыз қалған.

Жер сілкінісінен кейін теміржол және басқа да көлік қатынасы уақытша тоқтатылып, әуежайдың жұмысы да уақытша шектелді. Билік ықтимал қауіпке байланысты 150 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға шақырды.

Мамандар алдағы күндері қайталама жерасты дүмпулері болуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды ресми нұсқауларды қатаң сақтауға үндеді.

Сайт Әкімшілігі