Live

Жетісу облысында экскаватор қаққан 11 жастағы қыз қаза тапты

Жетісу облысында экскаватор жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 11 жастағы қызды қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Фото скриншот

Оқиға Текелі қаласында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo маркалы доңғалақты экскаватордың жүргізушісі қиылыстан өту кезінде жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен. Алған жарақаттарынан бала қайтыс болды.

Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір полиция жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты