Қоғам

«Жетісу» футбол клубының директоры 5,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік «Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталғанын мәлімдеді.

Фото: Жетісу футбол клубының facebook парақшасынан

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды. Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, делінген хабарламада.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Nazym Sapar
Тегтер: жетісу футбол