Қоғам

Жетісу облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды

Жетісу облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жауапкершілікке тартылды.

Фото: presseconomy

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс нәтижесінде  абаттандыру және инженерлік желілер бойынша жұмыстардың кешіктірілуі дайын тұрғын үйді қоныстандыру мерзімдерінің бұзылуына әкелді. Сонымен Панфилов ауданында төрт 60 пәтерлі және екі 80 пәтерлі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр. Олардың жалпы құны шамамен 5,8 млрд теңге, делінген хабарламада. 

Аудит қорытындысы бойынша облыс әкіміне белгіленген тәртіппен ҚР заңнамасын бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Нәтижесінде 2 адам қызметінен босатылды, тағы 6 адам сөгіс алды, 2 адам ескертулер алды.

Сонымен қатар 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Nurbike Beksultan